Ол 350-ден астам еңбек жариялаған, екі монографияның авторы
Алматыда 79 жасқа қараған шағында Қазақстан онкологтар қауымдастығының мүшесі, жоғары санаттағы онколог дәрігер, академик, профессор, медицина ғылымдарының докторы Райымқұл Қарақұлов өмірден өтті.
Дәрігердің қазасы туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. ҚазОРҒЗИ басқарма төрағасы Диляра Қайдарова бастаған институт ұжымы Райымқұл Қарақұлұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Райымқұл Қарақұлов 350-ден астам еңбек жариялады (оның 50-і – шетелде). Оған қоса, екі монографияның авторы.
Райымқұл Қарақұлов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүние келген. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, КСРО өнертапқышы.