Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бекбол Орынбасаров бұған дейін «Ақтау теңіз порты» АЭА-да басқарма төрағасы болды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров тағайындалды.

Бекбол Тілеумұратұлы 1971 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. 1993 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде, 1998 жылы – Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінде, 2011 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған. 

Еңбек жолын Маңғыстау облысының кеден басқармасының «Баутино» кеден постының инспекторы қызметінен бастаған. Мұнай, банк, салық, қаржы секторында түрлі қызметтерді атқарған. Кейінгі жылдары Ақтау қаласының әкімдігінде еңбек етті. 2006 жылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 2008 жылы Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2019 жылдан осы күнге дейін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ» АҚ-да басқарма төрағасы болды.