07.03.2021, 03:35
Жаңалықтар
БҚО-да боранға байланысты республикалық жолдар жабылды
Атырау-Орал жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды
Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 6 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көріну шегі 50 метрге дейін) республикалық маңызы бар Атырау-Орал (492-189 км, Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ дәл осындай себеппен сағат 22.30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (266-526 км, Подстепный ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
