Қарағанды облысында жоғалған үш адам табылды
15 адам эвакуацияланды
Қарағанды облысында жоғалған үш адам табылды. Сонымен қатар құтқарушылар көлігімен жолда тұрып қалған 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
5 наурыз күні таңғы сағат 9:40-тан бастап Ұлытау ауданында 3 адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, полиция және жергілікті халық жұмылды.
«Жоғалғандар Сарлық ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерден табылып, Қостанай облысының Байсақал қыстағына жеткізілді. Көлік қар құрсауында қалып, өздігінен шыға алмағаны белгілі болды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес еді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сол күні сағат 23:25-те Осакаров ауданында «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1076 шақырымында, Молодежный кентінен 10 шақырым жерде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған 5 жеңіл автокөліктен 15 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. Адамдар Молодежный кентіне жеткізілді, олар медициналық көмекке мұқтаж емес.