$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.03.2021, 00:20
Жаңалықтар

7 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

7 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 7-сі күнгі ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр және қар жауады. Тек еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік-батыста және солтүстікте екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары