Облыстарда жел соғып, жолдағы көлік қатынасы қиындады
Аяз беті қайтқанмен жел соғып, жолдағы көлік қатынасы қиындады. Бүгін еліміз бойынша 13 өңірде дауылды ескерту жарияланған. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, қазір республикалық маңызы бар 72 жол және облыс аумағындағы 125 бағыт уақытша жабылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Қара суықта жолда қалып қойғандар көп қой. Өткен тәуліктің өзінде мамандар екі жүз адамды құтқарып алған. Арасында балалар да бар. Солардың барлығын жылыту орындарына жеткізіп жатыр. Қазір онда алты жүзден астам адам бар. Қауіпті жолдардағы жағдайды бақылауға әрі көмек көрсетуге мың жарым маман мен сегіз жүз техника тартылды», - деп жазылған ақпаратта.