$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2021, 17:43
Жаңалықтар

Алматының бас санитары карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Қаулы 2021 жылы 9 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді

Алматының бас санитары карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды
Фото: Tengrinews.kz

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Алматы қаласында коронавирус инфекциясы мен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 2021 жылы 9 наурызда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған құжат мәтінінде қалада отбасылық және еске алу, бұқаралық іс-шараларға, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар сияқты адам көп жиналатын жиындарға қатысуға тыйым салынатыны айтылған.

Сондай-ақ жаңа қаулыда қызметі жаңартылмаған орындарға баруға тыйым салынады:

- боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, лото және ойын клубтарының, букмекерлік кеңселерінің, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарының, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;

- «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет. Келушіде смартфон болмаған немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда жауапты тұлға – мекеме қызметкері қосымшада ЖСН енгізу арқылы келушінің кіруін тіркеуге құқылы;

- мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

- балаларды сауықтыру лагерлерінің кызметіне тыйым салу жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ұлттық құрамаларға, клубтық командаларға (30 адамнан аспайтын) байланыссыз термометриямен спорттық жаттығулар жасауға және спорттық базаларда тұруға рұқсат етілген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимін және кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;

Кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге (қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда) рұқсат етіледі.


 

Серіктес жаңалықтары