Дубайдан келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 316 жолаушы ПТР-анықтамасыз келген

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 5 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.

4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен - 2 458, анықтамасыз - 230;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен - 1 229; анықтамасыз - 86;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 2021 жылдың 4 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет жарияланды.

«Анықтамасыз келген 513 азаматтың ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», - делінген комитет хабарламасында.