$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2021, 11:41
Жаңалықтар

Еліміздің төрт облысында жол қайта ашылды

Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тасжолдарында автокөлік қозғалысына рұқсат етілді

Еліміздің төрт облысында жол қайта ашылды
Фото: ашық дереккөзден

Республиканың төрт облысы бойынша, атап айтқанда, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тасжолдарында автокөлік қозғалысына рұқсат етілді. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысында 6 наурыз күні 09.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» тасжолының 51-104 шақырымында, Ақмола облысының шекарасы-Нұра ауылы аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.

Сондай-ақ Қарағанды облысында 6 наурыз күні 8.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 967-1135 шақырымында, Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы аумағында көліктер қайта жүр бастады.

Сағат 8.30-дан бастап «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолының 231-324 шақырымы, Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Қостанай облысында 6 наурыз күні сағат 09.00-ден бастап «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 7-106 шақырымы, Қостанай қаласы-Әулиекөл аумағындағы жолдың бір бөлігі ашылды.

Сонымен қатар Ақмола облысында 6 наурыз күні сағат 9.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» автожолының 32-51 шақырымында, Қабанбай батыр-Қарағанды облысының шекарасы аумағында жол ашылды.

Шығыс Қазақстан облысында 6 наурыз күні сағат 8.00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 6-66 шақырымында, Ушанова ауылы-Серебрянск қаласына бұрылыс аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.

Серіктес жаңалықтары