Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 6 наурызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің екі ірі қаласы мен төрт облыс «сары» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.