Елімізде коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды

Қазіргі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 52 пациенттің жағдайы өте ауыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 6 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 18 789 адам короновирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 455 пациент стационарда, 14 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 226 адамның жағдайы ауыр;
• 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке сүйенсек, 2021 жылғы 4 наурыздағы мәлімет бойынша 42 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 215 адам жазылып шыққан.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 49 504,

өлім жағдайлары – 637,

емделіп шыққандар саны – 43 396 адам.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.