05.03.2021, 05:16
Жаңалықтар
Жаңатаста 20 мыңнан астам адам жылусыз қалды: аудан әкімі қызметінен кетті
92 көпқабатты үй және 40-тан астам бюджеттік мекеме жылудан ажыраған еді
Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі блыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылды. Бақытжан Жақсылықов бұл лауазымға өткен жылдың 4 шілдесінде тағайындалған еді.
Еске сала кетсек, 9 ақпанда Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында орталық қазандық істен шығып, 20 мыңнан астам адам үш күн бойы жылусыз және ыстық сусыз қалған болатын. Нақтырақ айтқанда, барлығы 92 көпқабатты үй және 40-тан астам бюджеттік мекеме жылудан ажырады.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)