04.03.2021, 06:15
Жаңалықтар
Павлодарда экономикалық сот төрағасы қызметінен қуылды
Ол пара алды деген күдікке ілінген
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда пара алды деген күдікке ілінген, облыстық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы, ақыры қызметінен қуылды. Талғат Тағажайды жұмысынан босату туралы Жарлыққа ел Президенті қол қойға, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылы аталған сот төрағасы кәсіпкерлердің бірінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оның пара алуға оқталғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатты. Алайда, Жоғары сот кеңесінің сот алқасы, судья атына кір келтіргені үшін жұмыстан босату керек – деп шешім шығарған.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды