$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2021, 17:11
Жаңалықтар

Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгені құрайды

2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгеге дейін жетпек

Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгені құрайды
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеруді тапсырды. Бұл тапсырманың қалай жүзеге асатыны туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

«Бүгінде елімізде 247 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, бұл шамамен миллион маманның төрттен бір бөлігі, олардың жалақысын арттыруға 2021 жылы 222 млрд.теңгеден астам, 2022 жылы – 362 млрд теңгеден астам, 2023 жылы – 557 млрд теңге көлемінде шығыстар көзделген», - деді Марат Шоранов.

Осылайша 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңгені құраса, 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетпек. Ал орта медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы 2021 жылы 173 мың теңгені құрап, 2023 жылы 210 мың теңгеге дейін артады.

«Біз 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық емес қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Сондай-ақ, 2020 жылы медициналық қызметтерді қаржыландыруды арттыру бойынша да шаралар қабылдадық», - деді бірінші вице-министр.

Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысын 20%-ға, тарифтерді 10%-ға көтеру мақсаттарына қосымша 93 млрд теңге бөлінді.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жалақы #дәрігер