Қолма-қол ақша белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда кәсіпкерлер банкке бірқатар құжаттарды өткізеді
Кәсіпкерлердің банк шоттарынан қолма-қол ақша алуына шектеулер енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпкерлік субъектілері 1 ай ішінде банк шоттарынан қолма-қол алатын сомасының мынадай шекті мөлшері бекітілді:
«Бұл талап микро кәсіпкерлік субъектілеріне; ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне; бірлескен қаулы мен бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бар тамақ өнімдерімен, сусындармен, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарлармен бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты», - делінген хабарламада.
Көрсетілген қағидаларда қолма-қол ақшаны алудың белгіленген шекті мөлшерінен асқан жағдайда, кәсіпкерлер банкке бірқатар құжаттарды өткізуге тиіс.
«Кәсіпкер банкке қолма-қол ақшаны алуды растайтын құжатын, мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер мен құжаттарды жіберу жөніндегі келісімін өткізуі керек», - деп жазылған.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан