Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші тағы өсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ауырғандардың жалпы саны 215 мың адамға жуықтаған

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп жазады Coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 68
  • Алматы қаласы – 105
  • Шымкент қаласы – 12
  • Ақмола облысы – 69
  • Ақтөбе облысы – 12
  • Алматы облысы – 51
  • Атырау облысы – 35
  • Шығыс Қазақстан облысы – 49
  • Жамбыл облысы – 9
  • Батыс Қазақстан облысы – 64
  • Қарағанды облысы – 46
  • Қостанай облысы – 61
  • Қызылорда облысы – 14
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 79
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Түркістан облысы – 6.

Осылайша, ел бойынша ауырғандар саны 214 806 адамға жетіп отыр. Ал, 198 726 адам ауруынан айығып, емделіп шыққан.