ШұғылВакциналацияланғанын растайтын паспорттың кімдерге берілетіні айтылды

Атырауда 27 жастағы азамат пәтерді жалға алып, есірткі дайындаған

Аймақта былтыр  есірткі саудасына қатысты 50 дерек тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда 27 жастағы азамат пәтерді жалға алып, есірткі дайындаған. Онымен қоймай, қала ішінде құпия орындарға қалдыру арқылы есірткі таратумен айналысқан. деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша қаланың 3 аумағында жасырылған синтетикалық есірткінің 60 дозасы табылды. Қазір күдікті қамауға алынып,  оған қатысты қылмыстық іс тергелуде. Полиция департаментінің дерегінше, бұл өткен екі айдағы үшінші факті.

«Күдікті қамауға алынып, осы дерекке қатысты 297 бабы Есірткі, психотроптық заттары  сол тексетерді өткізу масатында  заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не  өткізу бойынша  сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде», - деді облыстыө ПД баспасөз хатшысы.

Аймақта былтыр  есірткі саудасына қатысты 50 дерек тіркелген. Жалпы 22 келі есірткі тәркіленген.