2020 жылдан бастап Ақтау мен Минск арасында тұрақты әуе рейсі ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусьтың авиация билігімен келіссөздер жүргізіп, келер жылдан бастап Ақтау және Минск қалалары арасында тұрақты рейс ашылатын болды

фото: ato.ru

«Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы  ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында.

Келіссөздер нәтижесінде «Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға қатынайтын рейстер санын аптасына 5-тен 7 дейін көбейтіп, сондай-ақ 2020 жылдың жаз айларын бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашылатын болды.