Нұр-Сұлтанда күзет агенттігінің экс-қызметкерлері жалақы ала алмай жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға жұмыс берген серіктестік соңғы рет қарашада айлық берген

Фото: ашық дереккөзден

Елордада бір топ тұрғын жалақысын ала-алмай жүр. Одарға жұмыс берген серіктестік соңғы рет қарашада айлық берген. Желтоқсан және қаңтар айларының жалақысын бермей отыр екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың айтуларынша, мекеме 13 адамға шамамен 2 миллион теңгедей қарыз.  

Мәселеге байланысты жауапты ЖШС-і басшылығы телеарна тілшілеріне қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Жалықасын даулағандар еңбек инспекциясына да арызданған екен. Бүгінде басқарма өкілдері бұл іс бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты.

«Жоспардан тыс тексеріс тіркелді. Мемлекеттік еңбек инспектірімен.Құжаттар алынды осы компаниядан. Тексеріп болған соң, егерде жұмыскерлердің айтқандары дәлелденетін болса, осы заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалақыны кешіктіргені үшін. Нұсқама беріледі. Аталған осы жұмыскерлердің жалақысын төлеуге байланысты», - деді Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік инспекторы Мақсат Дүйсенов.

Тексеру жұмыстары 24 ақпаннан - 10 наурызға дейін жүргізілмек. Егер арызданғандардың уәжі расталған жағдайда, жұмыс беруші бұрынғы қызметкерлерінің жалақыларын толық өтейді деп сендірді.