Ең ауыр жағдай Шығыс Қазақстан облысында байқалады
Қазақстанда электр желілерінің 60%-ға жуығы тозған. Бірнеше өңірде электр желілерінің тозу деңгейі 70%-дан асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS қаржы агенттігіне сілтеме жасап.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, ең ауыр жағдай Шығыс Қазақстан облысында - 81%, Батыс Қазақстан облысында - 80%, сондай - ақ Қостанай облысында - 74% байқалады.
Бұл көрсеткішті төмендету масатында Қазақстанда қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, қайта жаңартып қолдау үшін инвестициялық бағдарлама жұмыс істейді. Ал ұлттық экономика министрлігі өз кезегінде аталмыш бағдарламаның орындалуын қадағалайтын болады.
Сонымен қатар, ҰЭМ-де 2018 жылы инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданбағаны атап өтілді, өйткені барлық бағдарламалар 2021 жылға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге бекітілген.
Энергетика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес жылу және электр энергетикасын дамытуға 230,3 млрд теңге бөлінбек. Соңғы үш жылда 143,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2019 жылы 61,2 млрд теңге. 2020 жылы 46 млрд теңге және 2021 жылға 41,1 млрд теңге.