$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2021, 02:46
Жаңалықтар

Қызылордада карантин талабын бұзған түнгі клуб анықталды

Клуб әкімшісі мен күзетшілері тәртіп сақшыларына есік ашпаған

Қызылордада карантин талабын бұзған түнгі клуб анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Өңірде карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша мониторингтік топтардың рейді жалғасуда. Тиісті сала мамандары қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орнында карантиндік шектеулердің сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Облыс орталығындағы «Ален» түнгі клубында карантиндік талаптар бұзылған. Бұл орын түнгі сағат 23.20-ке дейін жұмыс істеген. Тәртіп сақшыларына клуб әкімшісі мен күзетшілері есік ашпаған. Мониторингтік топ мүшелері клуб иесін оқиға орнына шақыртты», - деп жазылған хабарламада.

Қазір бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігімен аттама толтырылып, айыппұлдар салынды

Серіктес жаңалықтары