27.02.2021, 16:46
Жаңалықтар
Қостанай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен адам табылды
Малшы жылқыларды іздеуге шыққан
Фото: alau.kz
Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол жылқыларды іздеуге шыққан. Іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты: полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді», - деп жазылған хабарламада.
Жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінде малшы болып жұмыс істейтін 1971 жылғы ер адам Обалы елдімекенінің маңынан табылған.
Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)
14.09.2026, 16:20
«Кедейді байытып, бедеулікті емдейді»: Қазақстанда ұрғашы қасқырдың қынабы 90 мың теңгеден сатылып жатыр