Еліміздің батыс өңірлерінде жаяу бұрқасын болып, қатты жел соғады
Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23-24 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
24 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз - 23 м/с дейін жетеді.
23-24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.
23-24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.