22.02.2021, 11:11
Жаңалықтар
Инновациялық даму рейтингінде Қазақстан небәрі 77-орын алды
Көшті Швейцария бастап тұр
2020 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық даму рейтингінде Қазақстан 131 елдің ішінен 77-орын алды деп жазады Ranking.kz. 28,6 индекстік көрсеткішімен біздің ел ЕАЭО елдері арасында тек Қырғызстаннан ғана озды. Ресей, Арменя мен Беларусь біздің алдымызда.
Ал, рейтингтің көшін Швейцария, Швеция және АҚШ бастап тұр.

Аталған рейтинг мемлекеттердің инновациялық дамуын 80 индекстік көрсеткіш бойынша бағалайды. Олардың бәрі негізгі екі топқа бөлінеді:
- инновацияны жүргізуге қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер (Innovation Input);
- инновацияны жүзеге асырудағы қол жеткен нақты нәтиже (Innovation Output).
Алғашқы көрсеткіш бойынша Қазақстан 131 елдің ішінде 60-орын алса, екіншісі бойынша 94-орынға сырғыды.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 10:03
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады