Халықаралық әуе рейстерімен жеткен 327 қазақстандық азамат ПТР-анықтамасыз келген
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 20 ақпан күні халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылғы 20 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
2 155 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 828 адам, анықтамасыз 327 қазақстандық азамат келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз 75 жолаушы келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 19 ақпан күні шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет те жарияланды.
«Анықтамасыз келген 337 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», - делінген комитет хабарламасында.