ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда бұрқасын болып, қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Шымкентте 21 ақпанда тұман түседі.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

21 акпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.