Атырауда ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған тұрғындар сотталды
Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген і-шара нәтижесінде облыс орталығында орналасқан «Э-БК» ЖШС букмекерлік кеңсесі түрінде заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесінің жолы кесілді.
Ойынхана ғимаратын тексеру барысында 17 процессор, 16 монитор, 32 теледидар, чектерді басып шығаруға арналған 14 термопринтер және жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден астам ақшалай қаражат тәркіленді. Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен екі қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-тармағы, 307-бабы, 2-тармағы, 3-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 4 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.