Иракта төтенше жағдай енгізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Елде коронавирустың «британдық» штаммы анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Ирак билігі бүгіннен бастап төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy AFP-ке сілтеме жасап. Себебі, елде коронавирус індеті өрши бастаған.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Иракта бір күнде 3896 адам коронавирусқа шалдыққан. Мамандардың айтуынша, бұл әдеттегіден жоғары көрсеткіш.

«Өкінішке орай, Үкімет зертханалары COVID-19 ауруының генетикалық мутациясын тауып, Иракта тез таралатын жаңа штаммды анықтады», - деді елдің Денсаулық сақтау министрі Хасан Аль-Тамими.

Министрдің бұл Ұлыбританияда таралған штамм екенін және оның балаларда да анықталғанын айтты.

Елде жарияланған төтенше жағдай тәртібі 2 аптаға созылады. Яғни, кешкі сағат 8 бен таңғы 5 аралығында далада себепсіз жүруге болмайды. Көшеде полиция қызметкерлері үнемі кезекшілікте жүреді. Үкімет өкілдері ахуал жақсармаса, төтенше жағдай тағы ұзартылатынын хабарлады.