19.02.2021, 09:12
Жаңалықтар
Илон Масктың жиған дәулеті 200 млрд долларға жуықтады
Ол әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастады
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімінде қайта көш бастады деп жазады Lenta.ru.
Масктың жиған ақшасының көлемі 199,9 млрд долларға жетіп отыр. Бұған себеп – SpaceX компаниясының кезекті құнды қағаздарының саудаға шығарылуы. Олардан компания 850 млн доллар пайда тапқан.
Ең дәулетті адамдар рейтингінің екінші сатысында – Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос. Оның жиған ақшасы 194,2 млрд долларға жеткен.
17 ақпанда аталған көшті Безос бастаған болатын. Алайда, араға бір тәулік салып Илон Маск оны қайта басып озды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды