$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.02.2021, 04:32
Жаңалықтар

Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды

2021 жылы бөлінген квота саны 7000-ға дейін көбейді

Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қорына» сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда ЭКҰ бағдарламасына 2021 жылы бөлінген квота саны 7000-ға дейін көбейді. Бұл квота беру көрсеткіштерін кеңейтуге, оларды алу кезегінің азаюына мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде 11030 әйел бедеулікпен есепте тұр.

«Нұр-Сұлтан қаласында бедеулік бойынша есепте тұрғандар саны – 1331. Біздің отбасын жоспарлау бөлімшесі ҚРТ көрсету – ЭКҰ-ға дайындау жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіру орталығы ретінде жетекші ұйым болып табылады. Биылғы жылы елордаға 486 квота бөлінді. Әзірге 200 квота беріліп, пациенттер дайындалуда. Осы жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары бұрын қаралмаған және жеке медицина орталықтарына қаралған бедеулік көрсеткіштері бар пациенттерді анықтап, белсенді жұмыс жүргізуде» - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық көпбейінді аурухана директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары Сәуле Жамантайқызы Ибраева.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Аңсаған сәби