$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2021, 10:04
Жаңалықтар

Сағынтаев жұмыртқа бағасының қымбаттауын түсіндірді

Алматыда сұранысы жоғары азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыру үшін 7 млрд теңге бөлінген

Сағынтаев жұмыртқа бағасының қымбаттауын түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

Бақытжан Сағынтаев халықпен онлайн форматтағы есептік кездесуде тұрғындардың азық-түлік бағалары бойынша сұрақтарына жауап берді. Әкімнің сөзіне қарағанда Алматының ірі алты азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендер ашылған. Ол жерлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 түрінің бағасы бақылауға алынып, оларды қымбаттатпау туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматыда сұранысы жоғары азық-түлік түрлерінің (қарақұмық жармасы, кеспе түрлері, күнбағыс майы, күріш жармасы, қант, айран, май, сүт, сүзбе, тауық еті, әлеуметтік нан) бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлініп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры жасалды, деді Бақытжан Сағынтаев.

Алайда Алматы билігі жұмыртқа бағасын ұстап тұра алмағанын айтты. Еліміздің барлық өңірінде ырық бермей кеткен өнім маусымдық сипатқа ие. Жұмыртқаның қымбаттауына құс азығына деген бағаның өсуі себеп болды. Тіпті құс өніміне деген баға Ресейде де шарықтау шегіне жеткен, дейді қала басшысы.

«Қазақстан бойынша ең төменгі баға бізде. Егер біз бұл жұмысты жүргізбегенде, баға одан әрі шарықтаған болар еді. Ал жұмыртқа бағасына қатысты қойылған сұраққа Алматыда ғана емес жалпы Қазақстанда, тіпті БАҚ мәліметтері бойынша Ресейде де жұмыртқа бағасының өсіп кеткенін айтқым келеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бағалардың маусымдық өсуі, өйткені құс азығы, дәнді және майлы дақылдардың қымбаттаған әрі бірқатар құс фабрикаларында өнім төмендеген»,- деді Сағынтаев.

Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағы орташа деңгейден 20-30% төмен. Алматыдағы азық-түлікке баға арзан базарлардың мекенжайлары:

- Көкбазар, Жібек Жолы 53;

  • - Тастақ, Төлеби, 266
  • - Алматы -1, Шолохов көшесі 2ү/1
  • - Таусамалы, Таусамалы - 1
  • - Жаңа Ақбұлақ, Розыбакиев көшесі 33/1
  • - Сарыарқа, 4 ықш., 27 б

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары