ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

18 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 18-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстік және батыс аудандарда жауын-шашын мол көлемде түседі. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерінде 23-28 м/с болады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады. Сондай-ақ кей жерлерді тұман түсіп, бұрқасын болады.

Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с, Қарағанды облысында күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
юЖамбыл облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді, екпіні 27 м/с болады.