ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Депутат 8 жылдан бері салынып бітпеген жол туралы мәселе көтерді

Маңғыстау облысындағы жолдардың бірі 2013 жылдан бері салынып келе жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Парламент депутаты Самат Мұсабаев Маңғыстау облысындағы 2013 жылдан бері бітпей келе жатқан «Шетпе - Қызан» тас жолына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өткен аптада менің атыма Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Нұрпейіс Сарсенбайдан хат келді. Хатта 2013 жылдан бері салынып келе жатса да әлі бітпеген "Шетпе - Қызан" тас жолының жағдайы айтылыпты. Жолдың қалған бөлігін бітіру үшін 3,7 млрд қаражат қажет екен. Өз кезегімде аталған мәселенің өзектілігі мен маңызын ашып көрсетіп, Үкімет басшысына хат жолдадым. Наурыз айындағы республикалық бюджеттің нақтылануы кезінде Қызанның жолына қажетті қаражаттың бөлінуіне ықпал етуін сұрадым», - делінген депутаттың жазбасында.