Петр Нефедов 1992 -1997 жылдары Қарағанды облысының әкімі болды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Петр Нефедовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Қарапайым кеншіден бастап, еліміздің өнеркәсіптік өңірі – Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты. Ол әрдайым өндірістегі бай тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсібилігімен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін.
Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде сақталады», – делінген жеделхатта.
Петр Петрович Қарағанды облысының әкімі (1992 – 1997 жылдары), содан кейін ҚР энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары, премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.