АҚШ-тағы шаңғы акробатика турнирінде қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Америкада North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр

Фото: olympic.kz

Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Отандасымыз 85.68 нәтижесімен топ жарды. 76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-орында болды.  

Тегтер: