$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2021, 16:36
Жаңалықтар

Алматы облысында жолаушылары бар «Газель» қар көшкіні астында қалды

Көлік салонында жеті қызметкер болған

Алматы облысында жолаушылары бар «Газель» қар көшкіні астында қалды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында жолаушылары бар «Газель» қар көшкіні астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оқиға 9 ақпанда сағат 17.00-де Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округінде, таулы жерде, жаңадан салынып жатқан Шүкірбұлақ - Қазанкөл трактор патрульдік жолының 23-шақырымында болды. Екі қар көшкіні «Газельді» басып қалды, оның салонында осы жолды салумен айналысатын мердігер ұйымның жеті қызметкері болған. Олар жұмыстан соң 19-шақырымда орналасқан уақытша базаға кетіп бара жатқан», - деп жазылған хабарламада.

Мердігер ұйым өз күшітері мен қаражатына жеті қызметкерге көмек көрсетті. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, жол тазаланды. ТЖД құтқарушылары оқиға болған жерге шақырылмады. Жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына ТЖД, «Қазселденқорғау» және ЖАО қызметкерлерінен төрт адам шықты.

Серіктес жаңалықтары