Ол құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру үшін кәсіпкерден 2 500 доллар пара алды деген күдікке іліндІ
Алматыда әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
«Алматы қалалық Жемқорлыққ қарсы қызмет өкілдері сәулет-құрылыс бақылау басқармасын лицензиялау бөлімінің бас маманы жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол лауазымды тұлға бола тұрып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін лицензия беруі үшін кәсіпкерден 2 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, күдіктіге қатысты нақты шешімді сот қабылдайды.