Елордада мереке күндері қайда баруға болады?

Azattyq Rýhy
30.11.2019, 03:45

Алдағы демалыс күндері елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы демалыс күндері елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, спорттық ойындар, көріністер мен шоуларды тамашалай алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

30 қарашада «Астана» концерт залында «Байдың балалары» әзіл-сықақ концерті өтеді. Кеш сағат 19:00-де басталады. 

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында елордалық цирк қала тұрғындары мен қонақтарын мәскеулік «Экстрим» циркінің шоуына шақырады. Қойылым сағат 16:00-де өтеді. Тағы сондай әсерлі шоуды тамашалау үшін дельфинарийге баруға болады. «Дельфиндер мен Кариб теңізінің қарақшылары» деген жарқын атаумен көріністер - 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында. 

Қала тұрғындарына 1 желтоқсанда да мәдени және спорттық бағдарламалар даяр тұр. Сағат 15:00-де «Астана Опера» театрында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» концерті өтеді. Екі сағаттан кейін, осы жерде «Раймонда» балеті қойылады. Ал, «Астана Балет» театры тұрғындарды көрермен көзайымына айналған «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын тамашалауға шақырады. Сондай-ақ, көрермендер «Жусан» балетін көріп бағасын бере алады. Оның басталуы сағат 18:00-де. Сол күні «Қазақстан» ОКЗ-да әлемге әйгілі «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің 10 жылдығына арналған үлкен концерті болады. Ансамбль «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди орталығы» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремлевский дворец» (Мәскеу, Ресей), «Конгресс және фестивальдар сарайы» (Канны, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) және т.б. атақты концерт залдарында өнер көрсеткен. Ансамбльмен бірге сахнада елордалық филармонияның симфониялық оркестрі, «Astana musical» мемлекеттік театры, Қазақ ұлттық хореография академиясының әртістері, әнші Меруерт Мүсірәлі өнер көрсетеді. 

Елордалық театрлар да көрермендерді осы күні бірден үш қойылыммен қуантады. 1 желтоқсан күні сағат 12:00 және 16:00-де қуыршақ театрының әртістері «Ер Төстік» ертегісін көрсетеді. Кешке, сағат 18:00-де «Nomad City Hall» сахнасында «Қош, махаббат» спектаклін көруге болады. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры сағат 19:00-де басталатын «Шәмші» қойылымына шақырады. 

Спорт сүйер қауым «Барыс» және «Динамо Минск» командалары арасындағы шайбалы хоккейден матчта комадаларына қолдау көрсете алады. Кездесу ҚХЛ чемпионаты аясында «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді. Ойын сағат 17:00-де басталады.

 

 

Тегтер: #Нұр-Сұлтан
Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Студенттерге волонтерлік қызмет үшін қанша төленеді?
Британиядағы сайлауда Борис Джонсонның партиясы жеңіске жетті
Арменияда көлік сатып алған қазақстандықтарға жалған құжаттар беріліп келген

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді