ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

«Nur Otan»: Басты бағдар - халықтың әл-ауқатын көтеру

Ақмола облысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланды

партиясы үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірге әр жылға арналған нақты көрсеткіштермен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол карталарын әзірледі және оны көпшіліктің қарауына ұсынды.

Жалпы, «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасы елдің әлеуметтік прогресі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты шаралардың тиімді жиынтығын ұсынады. «Nur Otan» шынайы істер мен айқын мақсаттардың партиясы ретінде өзінің барлық деңгейдегі сайлау алдындағы уәделерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Бұған «Nur Otan» партиясы депутаттық фракцияларының барлық деңгейдегі мәслихаттарда ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ақмола облысында өткен қоғамдастық, мемлекеттік органдардың басшылары және азаматтық сектор өкілдері қатысқан ашық отырыстары дәлел.

Өңірлік депутаттық фракциясының отырысында Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланды.

Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Ақмола облысының жол картасында 29 мақсатты индикаторлар бар, олардың орындалу мерзімі бірнеше жылға белгіленген, сондай-ақ жауапты орындаушылары да бар.

Әр бағыт бойынша 2021-2025 жылдарға арналған бұрын бекітілген сайлауалды бағдарламаларға сәйкес оларды жүзеге асырудың мерзімдері белгіленді.

Осы мерзімде, яғни, 2021-2025 жылдар аралығында бұрын басталған 4 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олар: Көкшетау қаласындағы онкологиялық клиника (2021 жылы ақпанда пайдалануға берілді), Шортанды ауданының Степное ауылындағы 2 дәрігерлік амбулатория және Целиноград ауданының Софиевка селосымен бірге, Қосшы ауылындағы емхана.

Бүгінде 4 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Олар: Көкшетаудағы көпсалалы облыстық аурухана және жедел жәрдем станциясы, Біржан сал ауданындағы емханамен қоса аурухана, Қараөткел ауылында дәрігерлік амбулатория және Целиноград ауданы Коянды селосындағы  алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы. Аймақтың медициналық ұйымдары «Bark Vibrol UNG» заманауи виброакустикалық құрылғылармен жабдықталады.

Сонымен қатар, алдағы бес жылда 11 жаңа мектеп пен 4 қосымша оқу ғимаратын салу арқылы үш ауысымды оқытуды жою жоспарланып отыр. Өңірдегі барлық 555 мектеп жаңа кабинеттермен (химия, биология, физика) біртіндеп жабдықталады. Сондай-ақ, облыста 47 спорт нысаны, 3 спорттық-сауықтыру кешені, бассейн және 2 стадион салу жоспарланған.

Партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы бойынша 107 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау нысандарын салу жоспарлануда.

Бес жыл ішінде облыста 4 мыңнан астам әлеуметтік мұқтаж азаматтарды тұрақты түрде тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, 3,4 миллион шаршы метрді құрайтын құрылыс салу жоспарлануда. Оның ішінде шамамен 150 мың шаршы метр тұрғын үй көпбалалы отбасылар үшін.  Оның  жылдық өсімі 8 пайызды құрайды. Сондай-ақ, аумағы 900 мың шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үй құрылысы жалғасады.

«Жалпы, біздің бағдарлама нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Бағдарламада елдің әлеуметтік прогресі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты шаралар кешені қарастырылған. Мен «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттар Жол картасының орындалуын қатаң бақылауға алатындығына сенімдімін», - деді депутаттық фракция жетекшісі Ғалым Бекмағамбетов.

Қоғам мен азаматтық сектордың өкілдері Сайлау алдындағы бағдарламаны іске асырудың аймақтық Жол картасын талқылауға белсенді қатысты. Барлық қызықтырған сұрақтарға Жол картасы индикаторларын әзірлеушілер жауап берді. Сол отырыста депутаттық фракция мүшелері арасында көрсеткіштер бөлініп, әр  тоқсан сайынғы отырыстардың мерзімдері анықталып, депутаттардың Сайлаушылар алдындағы Жол картасын іске асыру барысы туралы есептері тыңдалды.