Юлия Галышева АҚШ-тағы турнирде алтын медаль жеңді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдеге қол жеткізді

фото: olympic.kz

Дир-Вэллиде (АҚШ) өтіп жатқан фристайл-могулдан FIS Open халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді.

Могулшы Юлия Галышева әйелдер арасында үздік атанды. АҚШ өкілі Авиталь Кэрол екінші болса, оның отандасы Элизабет Лэми үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан құрамасының өкілі Аяулым Әмренова 15-ші, Анастасия Городко 41-ші орындардан көрінді.

Ал ердер арасындағы бәсекеде АҚШ спортшылары жүлдені өзара бөлісті. Джоэл Хедрик көш бастаса, Коул Макдональд күміске, Алекс Льюис қола медальға қол жеткізді. Қазақстандық Павел Колмаков жетінші, Сергей Романов 15-ші және Антон Бонжарев 20-шы орындарға тұрақтады.