30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Қазгидромет 30 қараша – 2 желтоқсан күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды, қалған аймақтарда тұман түседі.
Қазгидрометтің ақпаратынша, алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Ауа райының қауіпті құбылыстарына тоқталсақ, бұрынғыдай түнгі және таңғы уақытта жолдың көріну мүмкіндігі 50...500 метрге дейін нашарлайды, тұман түседі», - деп ескертті синоптиктер.
Тек батыста және дүйсенбі күні оңтүстікте атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ күтіледі.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
Алматы
Шымкент