ҰҚК: Каспийде қара уылдырық бизнесін жолға қойған шенділердің қылмысы әшкереленді

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекетке келген зиян  320 миллион теңге

ҰҚК  Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы  мемлекеттік кәсіпорнының  лауазымды қызметкерлерін ұстады. Тергеу материалдарына қарағанда, күдіктілер  бекіре  балықтарының тұқымдарын аулап, уылдырығын сатумен айналысыпты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың емін-еркін  браконьерлік жасауына көмектескен.

Мемлекетке келген зиян  320 миллион теңге.  Айналымнан 1. 100 келі бекіре тұқымдас балық пен 17 келі  қара уылдырық алынды.

Күдіктілерге қатысты  «Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану» және   «Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу»  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.