$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2021, 17:08
Жаңалықтар

65 жастан асқандарға вакцина салына ма?

Қазақстандықтарға «Спутник V» екпесі салынып жатыр 

65 жастан асқандарға вакцина салына ма?

Бүгінде 13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина алып үлгерді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жуырда ғана ел аумағына жеткізілген «Спутник V» екпесі бүгінде 13 301 адамға салынды. Олардың қатарында инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері бар. Келесі кезекте вакцинация педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері арасында жүргізілмек.

«Вакцинациялау жоспары бірнеше рет айтылды. Қазақстанда Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын «Спутник V» вакцинасын жеткізу және пайдалану жоспарлануда. Қазірдің өзінде 90 мың доза көлемінде бірінші партияның өндірісі басталды, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге ақпан айының соңына қарай жөнелтіледі. Шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 млн дозаға жетеді»,- деді министр.

Сондай-ақ, министр Алексей Цой 65 жастан асқан адамдарға қатысты вакцинациялау жоспарымен бөлісті.   

«65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты көптеген сұрақ келуде. Министрлік созылмалы ауру, аллергиялық реакция, басқа да қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, осы санатты вакцинациялау жоспарына енгізу мәселесін қарастырады»,- деді министр. 

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары