Ұтыс ойынын ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді
Елордада гүл сататын дүкеннің ашылу құрметіне орай ұтыс ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлерінің талабымен іс-шара тоқтатылды. Жағдай тұрақталып, жиналған тұрғындар үйлеріне тарап кетті. Іс-шараны ұйымдастырғандар мән-жайды анықтау үшін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, Есіл аудандық әкімдігі мен полиция мамандарынан құралған мониторингтік топ 2 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзу фактісін анықтады. Дүкеннің ашылу құрметіне ұтыс ойыны өткізілген.