05.02.2021, 13:53
Жаңалықтар
Маңғыстауда притон ұйымдастыруға септескен полицей сотталды
Ол жалпы қамқорлығы үшін 3 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын алды деп айыпталған
көрнекі фото: polisia.kz
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ақтау қалалық полиция басқармасының жедел-криминалдық бөлімшесінің жедел уәкілі Д.Айбеков 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыстық топ басшысынан жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру мен қызметін қамтамасыз етуде жалпы қамқорлығы 3 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын алды деген күдікке ілінген.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
