5 ақпан күнгі ауа райы болжамы
Жұма күні елімізде қар аралас жаңбыр жауады

Жұма күні елімізде қара аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
5 ақпанда кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшеюі ықтимал. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болады, Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.