$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2019, 16:13
Жаңалықтар

Шамалғандағы жаяу жүргіншілер көпірін «өзіміз» саламыз - Алматы облысы әкімдігі

Жаңа көпір мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жедел сатысымен бірге салынады

Шамалғандағы жаяу жүргіншілер көпірін «өзіміз» саламыз - Алматы облысы әкімдігі

Шамалған-Ақсеңгір  темір жолындағы жаяу жүргіншілер көпірі  2020 жылдың қыркүйекте қолданысқа беріледі.  Бұл туралы Алматы облысы әкімінің  баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жукел мәлімдеді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыс әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Жақын күндері  сараптамаға жіберіледі. Жаяу жүргіншілер көпіріне қажетті қаржы облыстық бюджеттен бөлінбек. Және көпір  Шамалғандағы пойыз жолы өткелінің жанында болады. Бұл көлікке мініп-түсу үшін тұрғындарға да тиімді болмақ.

«Шамалғанда салынатын көпір Қаскелең қаласындағы С.Демирел атындағы университет алдында тұрған көпір іспетті болады. Ол студенттермен кездесу барысында олардың өтінішін ескере отырып  жасалған. Бірақ жаңа көпір мүмкіндігі шектеулі жандарды да ескеріп, жедел сатымен бірге салынады. Тұрғындардың пікірін тыңдай келе көпірді «өзіміз», яғни облыс әкімдігі салатын болды.  Жұмыстар басталып кетті», - деді Ғалымұрат Жүкел.

Облыста талайдан бері айтылып келген көпір проблемасы шешілмей, соңы ауыр апатқа соқтырды. Бүгін жергілікті билік өкілдері Қарасай ауданы халқымен кездесу өткізуге мәжбүр болды. Жиында сағаттап кептелісте тұратын автокөліктерге қажетті көпірді «Қазавтожол» ҰК АҚ салатыны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні кешке Ақсеңгір-Шамалған теміржол бекетінде жолаушылар пойызы кептелісте тұрған автобусты қағып, бір адам қайтыс болды. Қазір төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары