Қазақстан шекарасындағы 10 өткізу бекеті қайта жаңартылады

Автор: Azattyq Rýhy

Жалған транзит фактілерін азайту үшін навигациялық пломбаларды енгізу қолға алынды          

Фото: ашық дереккөзден

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев 9 авто мен 1 теміржол өткізу пункті қайта жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Ол үшін техникалық қайта жарақтандыру жоспарланған. 

Комитет басшысы Өзбекстанмен шекарадағы «Б.Қонысбаев» бақылау-өткізу бекетін жаңарту жұмыстары аяқталғанын еске салды.

«Нұр Жолы» бақылау-өткізу пунктінің үлгісімен шекараның кептеліс туғызатын учаскелерінде мобильді қосымша арқылы кезекті алдын-ала брондауға мүмкіндік беретін «Электронды кезек» жүйесін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ навигациялық пломбаларды енгізу кеңейіп келеді, бұл көлік ағындарын бақылауға және жалған транзит фактілерін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Сұлтанғазиев.