«Жетісу» клубының бюджеті 3,4 есеге дейін қысқарды
2021 жылы Қазақстандағы футбол клубтарын қаржыландыру көлемі 1,6 есе қысқарды. Бұл туралы Goalkz хабарлайды.
Биыл футбол клубтарына бөлінген қаражаттың жалпы көлемі – 16,9 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есе аз, былтыр футбол клубтарына жалпы сома 27,3 млрд теңге бөлінген еді.
Талдықорғандық «Жетісу» клубының бюджеті 3,4 есеге дейін қысқарған (2020 жылы – 2,6 млрд теңге, 2021 жылы – 800 млн теңге).
Қарағандылық «Шахтердің» де бюджеті де айтарлықтай қысқарған (2020 жылы – 2,6 млрд теңге, 2021 жылы – 800 млн теңге).
Қызылордалық «Қайсардың» бюжеті былтырғымен салыстырғанда 2,5 есе қысқарған (2020 жылы – 4 млрд теңге, 2021 жылы – 1,6 млрд теңге).
Ал, шымкенттік «Ордабасы» командасының бюджеті 1,8 есеге қысқарған (2020 жылы – 6,3 млрд теңге, 2021 жылы – 3,5 млрд теңге).
Goalkz порталының хабарлауынша, «Астана» футбол клубының бюджеті әлі бекітілмеген.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 9 желтоқсанында өткен Мәжілістің жалпы отырысында еліміздегі 98 кәсіби спорт клубына жыл сайын жергілікті бюджеттен 55,5 млрд теңге қаражат бөлінетіні айтылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасы-Жомарт Тоқаев жолдауында қаражат тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қолдаудың мағынасы жоқ екенін айтты.