Ресейлік телеарналар ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруын қонаққа шақырып жатыр
Гүлнұр Нұртазаның мақсаты - оқуының ақшасын төлеу
Өткен аптада әлеуметтік желілерде Қызылорда аруы атанған Гүлнұр Нұртазаның дәмханалардың бірінде ыдыс жуып жүрген видеосы тараған болатын. Тіпті, Гүлнұр Нұртазаның хикаясын ресейлік арналар да көрсетіп жатыр. Бір күнде танымал болған Қызылорда аруын көршілес елдің өзге де арналары бағдарламасына қонақ ретінде шақырып жатыр екен.
«Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін жан-жақтан хабарласқан журналистер толастар емес. Менің отандық, ресейлік телеарналардан түрлі бағдарламаға шақырып жатыр. Жеке шотыма ақша аударып жатқандар бар. Мақсатым танымал болу емес, марқұм болып кеткен ата-анамның басына барып қайту. Қалған ақшаға оқуымның ақшасын жабамын», - деді ол.
«Россия 24» телеарнасында Гүлнұрдың дәмханада ыдыс жууына отбасылық жағдайы әсер еткенін айта отырып, кәсіби мамандардан бойжеткеннің модельдік мансабын қалай дамытуға болатыны жайлы сұраған.
Ал, Гүлнұрдың өзі Azattyq Rýhy тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында дәмханадағы видеодан кейін оның атынан түрлі фейк аккаунттар ашып, ақша жинамақшы болғандардың пайда болғаны туралы айтқан болатын.